Біз туралы » Страница 4 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК
28
мамыр
2026
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК
Қытай Республикасының Hong Kong қаласында өткен Азия чемпионатында батуттық гимнастикадан жоғары шеберлік танытып, екі дүркін қола жүлдегер атанған 9 “Б” сынып оқушысы Тұрсын Еңлікті зор мақтанышпен күтіп алдық. Еңліктің бұл жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, қажырлы дайындықтың жемісі. Жас спортшымыз халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, мектебіміздің мерейін үстем етті. Осындай биік белестерді бағындырып жүрген Еңлікке алдағы жарыстарда да толағай табыстар, жаңа жеңістер
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖҮЙРІК ОЙ
28
мамыр
2026
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖҮЙРІК ОЙ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің математика пәні мұғалімі Абдувалиев Жамшид Фархатович Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата» олимпиадасының қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстазымыз математика пәніне деген жоғары қызығушылығы мен кәсіби біліктілігін танытып, логикалық ойлау мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арқылы үздіктер қатарынан көрінді. Лицейіміздің абыройын асқақтатып жүрген
ЖАС ҰСТАЗ — ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ
28
мамыр
2026
ЖАС ҰСТАЗ — ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің жас мұғалімдері де кәсіби байқауларда белсенділік танытып, өздерінің шығармашылығы мен біліктілігін дәлелдей білді. Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Салман Мухаммед Шымкент қаласы бойынша өткен «Білім беру шебері» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, информатика пәнінен республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, республика бойынша жүлделі III орын иеленді. Бұл — ұстаздың кәсіби ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. Лицейіміздің білім сапасын
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ
26
мамыр
2026
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары республикалық ұлттық мектеп лигасында 7-8 сыныптар арасында өткен шахмат спорт түрінен І орын иеленіп, Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғады. Білім мен зияткерлікті ұштастырған шәкірттеріміз жоғары дайындық пен ерекше шеберліктің үлгісін көрсетті. Бұл жеңіс — лицейіміздің сапалы білім мен жан-жақты дамуға бағытталған еңбегінің жарқын нәтижесі. Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестер мен толағай
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ ЖЕТІСТІГІ
26
мамыр
2026
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ ЖЕТІСТІГІ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп – 10 сынып» номинациясы бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жобаға белсене қатысып, жоғары жетістік көрсеткені үшін 10 «В» сынып оқушысы Селимова Камила, 10 «Д» сынып оқушылары Абдул Фатах Амирсеит пен Одылов Яхехон марапатталды. Жетекшісі: А.Ш.Кадирова Жеңімпаздарға арнайы диплом және 400 000 теңгелік сертификат табысталды. 
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ- ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ
12
мамыр
2026
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ- ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 10 «Ж» және 10 «Е» сынып командаларын «Zerdeli UBT» ұйымдастырған интеллектуалды квиздегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушылар өздерінің терең білімін, ұшқыр ойы мен мықты логикасын көрсетіп, турнирдің Гранд-финалына жолдама алды! Финалдық додада сәттілік пен жеңіс тілейміз! 
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ 🥊ЖАС БОКСШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ🏆
06
мамыр
2026
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ 🥊ЖАС БОКСШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ🏆
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейіміздің мақтанышы 7 “Б” сынып оқушысы Сабитбек Нұртас Республикалық туринирде деңгейде өткен, Шымкент қаласының кубогына арналған бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы  +70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
02
мамыр
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 30.04.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында    Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна  және  Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен  8 “А”сыныптын  жетекшісі Айдосова Шынар Тасбековнаның ата-аналарымен өткізілген жиналыстың тақырыбы:”Өмір-таңдау,әр қадам - жауапкершілік”.Мақсаты: Адам өміріндегі таңдау мен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, әр әрекеттің салдары болатынын ұғындыру.  Адам өмірі – үздіксіз таңдау
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ
24
сәуір
2026
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6-10 сынып оқушылары «Кітап оқитын ұлт» жобасына белсене қатысып,жоғары нәтижелер көрсетті. Жоба барысында оқушылар кітап оқу марафонына қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін дәлелдей білді. Нәтижесінде лицейіміздің 10-сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушыларымыздың оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы еңбектері жоғары бағаланып, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына оң
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
17
сәуір
2026
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6–10 сынып оқушылары мектепішілік кезеңнен сәтті өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасының аудандық кезеңіне жолдама алып, өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған байқауда 8-сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Ш.Т. Айдосова. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жобаға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!