Жемқорлыққа қарсы күрес » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
29
наурыз
2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы N 9 IT лицейінде 29.03.2022 жылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжым арасында жиналыс өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент  қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысып, кездесу барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыс
03
қараша
2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыс
Шымкент қаласы білім басқармасынына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 03.11.2021 жылы "Шымкент- Адалдық алаңы-жобалық кеңсесінің жетекшісі Жани Қамбар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстар жүргізді және комплаенс Н.Р.Дусметова лицейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген  іс-шаралар туралы есебін берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- офицер қызметінің жұмысы
22
сәуір
2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- офицер қызметінің жұмысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты лицей әкімшілігі мен ұжым арасында бекітілген комплаенс офицер Н.Р.Дусметова түсіндірме әңгіме жүргізді.
Жемқорлыққа қарсы іс-шара
23
қараша
2020
Жемқорлыққа қарсы іс-шара
Бүгін, 2020 жылдың 23 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейде АNTIKOR Life жобасы аясында "Адалдық-ардың ісі" атты сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру  мақсатында "Жалын" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Іс-шараға Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің менеджері
9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
13
желтоқсан
2019
9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай оқушылар арасында әуесқой түсірілім қысқаметражды бейнефильм байқауы өткізілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1048313862181840&id=100010097070779