28
тамыз
2026
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арнайы ұйымдастырылған әдістемелік іс-шара өтті. Семинардың тақырыбы – «Заманауи сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері»
Семинарда спикер ретінде Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Қалшабек Абай Батырұлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында заманауи білім беру стандарттары мен нұсқаулық-әдістемелік хат талаптары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын күнтізбелік-тақырыптық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктері талқыланды.
Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту әдістеріне, оқытудың белсенді әдістерін сабаққа кіріктіруге және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жобалауға ерекше назар аударылды.
Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті. Тақырыпты терең талдап, құнды әдістемелік ұсыныстар бергені үшін Қалшабек Абай Батырұлына алғыс білдіреміз. Ұсынылған әдістемелік кеңестер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын бұдан да тиімді әрі қызықты өткізуге септігін тигізеді.



