07
қазан
2026
«ҰСТАЗ – ШӘКІРТ КӨЗІМЕН » СУРЕТ КӨРМЕСІ
Ұстаз – баланың жүрегіне білім нәрін себетін, алғашқы қадамына бағыт беретін аяулы жан. Ал кішкентай шәкірттің ұстазына деген сүйіспеншілігі мен алғысы – ерекше әлем.
Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Ұстаз – шәкірт көзімен» сурет көрмесінде 1-сынып бүлдіршіндері өз ұстаздарын жүрек қалауымен бейнелеп, ақ параққа жылы сезімдерін түсірді.
Әр суретте – бала қиялы, әр бояуда – ұстазға деген құрмет пен шынайы ықылас!




