Біз туралы » Страница 5 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
17
сәуір
2026
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6–10 сынып оқушылары мектепішілік кезеңнен сәтті өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасының аудандық кезеңіне жолдама алып, өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған байқауда 8-сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Ш.Т. Айдосова. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жобаға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
17
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лайық Кунзира Анарбайқызы қатысып, жүлделі  2-орынды иеленді. 
ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
13
сәуір
2026
ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 9 «Ғ» сынып оқушысы Есіркеп Інжу оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы аясында өткен «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы ұстанымы» интерактивті алаңына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – табандылық пен белсенділіктің, білім мен ізденістің нәтижесі. Інжуді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
06
сәуір
2026
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған, «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған қалалық зияткерлік куиз ойыны өз мәресіне жетті. Бұл додада біздің лицей оқушылары ерекше білім деңгейімен, ұйымшылдығымен және тапқырлығымен көзге түсті.  Аудандық кезеңде: Бақ сынаған 34 білім ұясының ішінен суырылып шығып,  ІІ ОРЫНДЫ иелендік!  Суперфиналда: Ең мықты командалармен иық тіресіп, лайықты ойын көрсеткені үшін
СЫНЫПТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ- БАЛА БОЛАШАҒЫНА БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
06
сәуір
2026
СЫНЫПТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ- БАЛА БОЛАШАҒЫНА БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ІІ ауысым сыныптарының ата-аналарына арналған сыныптық жиналыс  ұйымдастырылып өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушының білім сапасын арттыру, тәрбие мен оқу үдерісіндегі өзара байланысты нығайту және ата-ана мен лицей арасындағы серіктестікті күшейту болды.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер жан-жақты қарастырылды:  1. ІІІ тоқсан қорытындысы – білім сапасына талдау Сынып жетекшілері 2025–2026 оқу
СҮЙІНШІ! «АЛТЫН ҚАЗЫНАДА» БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС ТАЛАНТ!
06
сәуір
2026
СҮЙІНШІ! «АЛТЫН ҚАЗЫНАДА» БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС ТАЛАНТ!
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Экология, өлкетану және туризм орталығы» ұйымдастырған «Алтын қазына» көрме-байқауында шәкіртіміз тамаша нәтиже көрсетті!  «Ұлттық нақыштағы интерьер дизайны» номинациясы бойынша:  ІІ ОРЫН – Әбдімәулен Нұрым Сәкенұлы! Нұрым өзінің ерекше шығармашылық көзқарасымен және ұлттық құндылықтарды заманауи дизайнмен шебер ұштастыра білуімен қазылар алқасын тәнті етті. Бұл жетістіктің артында үлкен еңбек пен кәсіби бағыт-бағдар тұр. Жас дарынды байқауға
“КІТАП ОҚИТЫН ПЕДАГОГ” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ
03
сәуір
2026
“КІТАП ОҚИТЫН ПЕДАГОГ” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ
“Кітап оқитын педагог” байқауының аудандық кезеңі өтті. Әл-Фараби ауданы бойынша өткен «Кітап оқитын педагог» байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Білім мен руханиятты ұштастырған сайыста кәсіби шеберліктерін танытып, үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз:  Қуатбаева Эльмира Төлендиевна  Лайық Күнзира Анарбайқызы  Айдосова Шынар Тасбековна Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және шәкірт
9-СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ -МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ
03
сәуір
2026
9-СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ -МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы жиналыс ұйымдастырылып өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерін саралау, кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесін талдау және алдағы маңызды кезеңдерге дайындықты күшейту болды.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды:  1. ІІІ тоқсан қорытындысы – білім сапасы сараланды Оқу ісі жөніндегі орынбасар Б.С.Донаева 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша
СЫНЫПТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ- БАЛА БОЛАШАҒЫНА БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
03
сәуір
2026
СЫНЫПТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ- БАЛА БОЛАШАҒЫНА БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында І ауысым сыныптарының ата-аналарына арналған сыныптық жиналыс  ұйымдастырылып өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушының білім сапасын арттыру, тәрбие мен оқу үдерісіндегі өзара байланысты нығайту және ата-ана мен лицей арасындағы серіктестікті күшейту болды.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер жан-жақты қарастырылды:  1. ІІІ тоқсан қорытындысы – білім сапасына талдау Сынып жетекшілері 2025–2026 оқу жылының
«JAS DARYN » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС👯‍♀️
03
сәуір
2026
«JAS DARYN » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС👯‍♀️
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6 «Ғ» сынып оқушысы Сапаржанқызы Айару Астана қаласында би өнері бойынша өткен “ Jas Daryn “ байқуында жоғары шеберлігін көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Бұл жеңіс — талмай еңбектің, шығармашылық ізденістің және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Айарудың сахнадағы өнері көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Лицей ұжымы дарынды оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына