ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ
28
тамыз
2026

ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
2026 жылғы 26 тамыз күні Информатика және физика кафедрасында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тағылымды тренинг өтті.
Тренингті Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Адырбаева Зина Ариповна жүргізіп, «Заманауи сабақты жоспарлау ерекшелігі» тақырыбында құнды тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында заманауи сабақ құрылымы, тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына қол жеткізу жолдары және сабақ үдерісін жаңаша ұйымдастырудың тиімді тәсілдері талқыланды. Мұғалімдер тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, кәсіби қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырды.
Осындай мазмұнды кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. 🌱
Кәсіби даму – сапалы сабақтың, ал сапалы сабақ – жарқын болашақтың негізі! 💫
Тренингті жоғары деңгейде ұйымдастырып, тәжірибесімен бөліскен Зина Ариповнаға алғысымызды білдіреміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив