ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
тамыз
2026

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Жастар лигасы – 2026» жобасының жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық Білім басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауқымды жобаға қаладағы 180 мектептен 5500-ден астам оқушы қатысып, спорттың 9 түрі бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, шахмат спорт түрінен І орын иеленді.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың табандылығы мен ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив