07
қазан
2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ҚБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Палжанов Сәбит Шабданович және Қожантаев Бағжан Шерханович қатысып, білім алушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараны лицейдің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Р.Дусметова ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
Бала қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесі – мектеп, ата-ана, құқық қорғау органдары және қоғамның бірлескен жауапкершілігін талап ететін маңызды бағыт.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды құрметтеу – өзгенің құқығын құрметтеу.
Жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі!




