АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
09
қыркүйек
2026

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің» педагог-психологы Ж.Ә. Төлтай тарапынан ата-аналарға арналған «Баламды қаншалықты білемін?» атты шағын психологиялық тренинг өткізілді.
🌺 Кездесу барысында ата-аналарға балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің, оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлудің және баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Презентация арқылы ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған психологиялық кеңестер ұсынылды.
📝 Тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналарға «Баламды қаншалықты білемін?» сауалнамасы ұсынылды. Қатысушылар баласының қызығушылықтары, сүйікті істері, көңіл күйі, армандары мен жеке ерекшеліктері туралы ойланып, өз баласын қаншалықты жақсы білетініне назар аударды.
🫶Сонымен қатар, «Бала көзімен» жаттығуы арқылы әртүрлі жағдаяттар талқыланып, баланың көңіл күйін түсіну, оны сынамай тыңдау және қажет кезде қолдау көрсету жолдары қарастырылды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив