28
тамыз
2026
“ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арнайы «Заманауи сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында заманауи сабақ құрылымы, тиімді жоспарлау жолдары және оқыту үдерісінде қолданылатын жаңа тәсілдер туралы құнды ақпараттар берілді.
Іс-шараның спикері — Шымкент қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Матаева Сауле Романовна. Тренер өз тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдерге практикалық бағытта пайдалы кеңестер ұсынды.

