«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА I-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА I-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09
қыркүйек
2026

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА I-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 1-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес лицейішілік тәртіп ережелері, ата-аналармен жасалатын келісімшарт талаптары, мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Білім алушылардың психоэмоционалдық денсаулығын сақтау, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, «ДосbolLike» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті ақпараттар берілді.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау, қосымша сабақтарды ұйымдастыру, БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс қорытындысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар маңызды мәселелер сараланып, тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – сапалы білім мен саналы тәрбиенің берік негізі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив