26
тамыз
2026
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ШЫҢЫНДА — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ !
Кезекті дүбірлі додада Шымкент қаласының намысын қорғаған №9 IT лицейінің командасы Республикалық Ұлттық мектеп лигасында (ҰМЛ) ЧЕМПИОН атанды!
Бұл — тек мектептің ғана емес, бүкіл қаламыздың үлкен мақтанышы! Жастардың бойындағы спортқа деген құштарлық пен жеңіске деген талпыныстың жарқын көрінісі.
Команданы осынау биік белеске жетелеген, шәкірттердің қанатын қатайтқан — дене шынықтыру пәнінің білікті мұғалімі, тәжірибелі жаттықтырушы Оңғарбаев Мұхтар!
Ұстаздың еңбегі мен спортшыларымыздың төккен тері ақталып, Шымкенттің абыройын асқақтатты.


