06
қазан
2026
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ұстаз – жүрекке білім нұрын себетін, шәкіртке бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздан алған білім – өмірге бастар алғашқы баспалдақ.
Бастауыш сыныптарда «Ұстазым – білім бастауы» атты декаданың басталуына орай 1-сынып оқушылары өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жолдады.
Бүлдіршіндердің бала жүрегінен шыққан ақ тілектері – ұстазға деген шынайы құрметтің белгісі.
Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді де білікті, әр күніңіз қуаныш пен жетістікке толы болсын!