РУХЫ БИІК ПАТРИОТ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ
Шымкент қаласында жас патриоттардың VII республикалық форумы 02.05.2026 жыл күні ұйымдастырылып, ел болашағына бейжай қарамайтын жалынды жастардың басын қосты. Ауқымды іс-шараға 1000-ға жуық жасөспірім, әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, курсанттар мен мектеп оқушылары қатысып, өздерінің отансүйгіштік рухын айқын көрсетті. Форум барысында салтанатты шеру, әскери оркестрдің әсерлі өнері, саптық дайындықтың үлгілі көрсетілімдері ұйымдастырылып, жас ұрпақтың тәртібі мен жауапкершілігі,