05
мамыр
2026
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық апталығы аясында 8 «Ә» сыныбында «Ұлттық ойындар: Асық ату, Ләңгі, Бес тас, Ханталапай ойындары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың дене дайындығы ғана емес, халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметі артып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды жұмыстар жүргізілді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды ұлттық мұрамен таныстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ өте тартымды әрі мазмұнды өтіп, оқушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындарға ерекше қызығушылықпен қатысты.
Осындай ашық сабақтар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру.



