АШЫҚ САБАҚ: ВОЛЕЙБОЛ – ДОПТЫ БЕРУ, ҚАБЫЛДАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АШЫҚ САБАҚ: ВОЛЕЙБОЛ – ДОПТЫ БЕРУ, ҚАБЫЛДАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
05
мамыр
2026

АШЫҚ САБАҚ: ВОЛЕЙБОЛ – ДОПТЫ БЕРУ, ҚАБЫЛДАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық апталығы аясында 10 «Ә» сыныбында «Волейбол. Допты беру, қабылдау әдіс-тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
📅 05.05.2026 жылы, І ауысымның 2-сабағында өткен ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар волейбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерін меңгеріп, допты дұрыс беру мен қабылдау дағдыларын жетілдірді. Түрлі тәжірибелік жаттығулар арқылы оқушылардың шапшаңдығы, ептілігі, үйлесімді қимыл-қозғалысы және командалық жұмыс жасау қабілеттері дамытылды.
👩‍🏫 Сабақ жетекшісі: Курбанбекова Зулфия Мырзаевна
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың дене дайындығын арттыру, волейбол спортына деген қызығушылығын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық мәдениетті қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық тәртіптің жоғары үлгісін көрсетті.
Осындай ашық сабақтар оқушылардың физикалық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, олардың төзімділігін, жауапкершілігін және жеңіске деген ұмтылысын арттыруға зор ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив