ТӘРБИЕ САҒАТЫ «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ» » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘРБИЕ САҒАТЫ «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ»
04
мамыр
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ»

Ағымдағы жылдың 04 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 1–11 сынып оқушылары арасында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары сынып сағаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарының аясында  ұйымдастырылды. Іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарланып, олардың тұлғалық дамуына, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және патриоттық сана-сезімін арттыруға бағытталды.
Бастауыш сыныптарда (1–4 сыныптар) «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында «Сен және мен – біз доспыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар достықтың қадірін түсініп, бір-біріне қолдау көрсету, мейірімділік таныту сияқты маңызды құндылықтарды бойларына сіңірді. Сонымен қатар, «Су қоймаларындағы қауіптер» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізіліп, балаларға судағы қауіп-қатерлерден сақтану жолдары түсіндірілді.
5–8 сынып оқушылары үшін «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, жас ұрпаққа ел қорғаған батырлардың ерлігі үлгі етілді. Оқушылардың бойында отансүйгіштік, батылдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға басымдық берілді. Қауіпсіздік сабақтары барысында «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» және «Ауа райы жағдайларының жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсері» тақырыптары қамтылып, оқушыларға өмірлік маңызды ақпараттар берілді.
Жоғары сыныптарда (9–11 сыныптар) «Елді қорғау – ерге сын» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, Отан алдындағы азаматтық борыш, ел қорғау жауапкершілігі, ерлік пен намыс ұғымдары тереңінен түсіндірілді. Қауіпсіздік сабағында «Адамның жеке шекарасын қорғаудың негізгі қағидалары» тақырыбы қозғалып, оқушыларға жеке қауіпсіздік, психологиялық қорғаныс, өз құқықтарын қорғау туралы маңызды мағлұматтар берілді.
Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, қауіпсіздік мәдениеті мен патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Білім мен тәрбиені ұштастырған мұндай мазмұнды іс-шаралар – саналы, салауатты, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив