06
мамыр
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 7–8 сынып оқушыларына арналған «Зорлық-зомбылық» тақырыбында тағылымды сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Сабақты қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Әділет кеңесшісі Ергешов Батыр Шақшанбайұлы жүргізді. Сабақ барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін кері әсері және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық сабақтар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, қауіпсіз орта құруға және салауатты қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді.

