ЛИЦЕЙ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ, МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МЕРЕКЕ !
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім ордасының 90 жылдық мерейтойы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл — тек бір оқу орнының ғана емес, тұтас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан қасиетті қарашаңырақтың тарихын, тағылымын, жетістігін дәріптеген тағылымды күн болды. Тамыры тереңге жайылған лицейдің 90 жылдық мерейтойына еліміздің әр өңірінен арнайы қонақтар келіп, білім ордасының өткені мен бүгініне куә болды. Мерейтой аясында