«БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ !
16
маусым
2026

«БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ !

15.06.2026 жыл күні Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейіндегі  лагеріміздің тәрбиеленушілері көтеріңкі көңіл-күймен қабылданып, күнді шаттыққа толы бастады. Таңертеңгі бой жазу жаттығулары балалардың сергектігін арттырып, денсаулықтарын нығайтуға бағытталды. Белсенді қимыл-қозғалыс арқылы оқушылар күнге жақсы көңіл-күймен қадам басты.
Күннің келесі бөлігінде музыка сабағы ұйымдастырылып, балалар өнер әлеміне саяхат жасады. Әуезді әндер шырқалып, түрлі музыкалық ойындар өткізілді. Бұл сабақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етті.
Күннің ең қызықты сәттерінің бірі – оқушылардың Mega Planet ойын-сауық орталығындағы кино паркке баруы болды. Балалар заманауи кинозалда қызықты әрі тағылымды мультфильм тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Мультфильм кейіпкерлерінің өнегелі әрекеттері арқылы достық, мейірімділік, бірлік пен қамқорлық сияқты маңызды құндылықтар насихатталды. Кино көру барысында балалардың қиялы дамып, дүниетанымы кеңейе түсті.
Осындай қызықты іс-шаралар арқылы лагерімізде әрбір күн баланың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына және жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталуда. Балалардың қуанышты жүздері мен жарқын әсерлері бүгінгі күннің сәтті өткенінің айқын дәлелі болды.
✨ «Балдәурен» лагеріндегі әр күн – жаңа әсер, жаңа достық және жарқын естеліктер мекені!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив