05
мамыр
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 8–10 сыныптар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ және ДТЖЖО А.Т.Асилованың ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты заң талаптары, түнгі клубтар мен өзге де ойын-сауық орындарында болудың жауапкершілігі, сондай-ақ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, білім алушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік ережелерін ұстану, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Аталған профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту.



