Материалы за Қыркүйек 2026 года » Страница 4 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2026 года » Страница 4
“MENTAL HEALTH “ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
15
қыркүйек
2026
“MENTAL HEALTH “ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтерге «MENTAL HEALTH» платформасының жұмыс тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында платформаны пайдалану тәртібі, негізгі мүмкіндіктері және жұмыс жасау жолдары таныстырылып, мұғалімдерге қажетті ақпараттар берілді. Түсіндіру жұмысын ДТЖЖО Н.Р. Дусметова және А.Т. Асилова өткізді.
ПАЙДАЛЫ АС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ !
15
қыркүйек
2026
ПАЙДАЛЫ АС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ !
Оқушыларымыз лицей асханасына уақытылы барып, бекітілген күнделікті мәзір бойынша ыстық әрі құнарлы тағамдармен тамақтануда.  Тамақтану мәдениетін қалыптастыру, тазалық пен тәртіпті сақтау – басты назарда. Дәмді ас, көтеріңкі көңіл-күй және жақсы күн!
«ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ ІС-ШАРАСЫ
09
қыркүйек
2026
«ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ ІС-ШАРАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде Тілдер мерекесіне орай бастауыш және орта буын сыныптары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында мәнерлеп оқу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында бастауыш және орта буын оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін
“АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
09
қыркүйек
2026
“АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Лицейімізде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында  «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту, жолда өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Іс-шара барысында лицейіміздің 1-сынып оқушыларына бағдаршамның қызметі, жол белгілерінің маңызы және жаяу жүргіншілердің жолдан қауіпсіз өту ережелері түсіндірілді. Практикалық бөлімде оқушыларға
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
09
қыркүйек
2026
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің» педагог-психологы Ж.Ә. Төлтай тарапынан ата-аналарға арналған «Баламды қаншалықты білемін?» атты шағын психологиялық тренинг өткізілді.  Кездесу барысында ата-аналарға балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің, оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлудің және баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” МАРАФОНЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ
09
қыркүйек
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” МАРАФОНЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” МАРАФОНЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
09
қыркүйек
2026
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Кітап оқуды жақсы көресіз бе? Өзіңізді жаңа шығармалармен сынап, білім көкжиегіңізді кеңейткіңіз келе ме? Ендеше, алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына қатысыңыз! Марафон 2026 жылы қыркүйек – 2027 жылы сәуір аралығында өтеді. Марафонның 7 бағыты:  «Кітап оқитын мектеп» – 6–10 сынып оқушылары  «Кітап оқитын колледж» – колледж студенттері  «Кітап оқитын университет» – ЖОО студенттері  «Кітап оқитын педагог» – мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары  «Кітап оқитын әулет»
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ll-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09
қыркүйек
2026
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік,
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА I-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09
қыркүйек
2026
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 1-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік,
ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ХАНСҰЛТАН!
09
қыркүйек
2026
ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ХАНСҰЛТАН!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің оқушысы Хансұлтан Ердос халықаралық аренада ел мерейін үстем етті! Абу-Даби төрінде өткен AJP Tour халықаралық жарысында І орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады! Жас спортшымызды осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — табандылықтың, тынымсыз еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Жеңістерің көп, алар асуларың биік болсын, Хансұлтан! Лицейіміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтере бер!