09
қыркүйек
2026
«ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ ІС-ШАРАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде Тілдер мерекесіне орай бастауыш және орта буын сыныптары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында мәнерлеп оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында бастауыш және орта буын оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінде өлең оқып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті.


