09
қыркүйек
2026
“АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Лицейімізде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту, жолда өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Іс-шара барысында лицейіміздің 1-сынып оқушыларына бағдаршамның қызметі, жол белгілерінің маңызы және жаяу жүргіншілердің жолдан қауіпсіз өту ережелері түсіндірілді. Практикалық бөлімде оқушыларға жаяу жүргіншілер жолағынан дұрыс өту, бағдаршам белгілеріне сәйкес әрекет ету және жол бойындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жолдары көрсетілді.
Түсіндіру және тәжірибелік жұмыстарға ДТІЖО Н.Р.Дусметова, аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева, және алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің мұғалімі Б. Сарсенбеков қатысып, сондай-ақ сынып жетекшісі Г. Айдарова оқушыларға жолда жүру ережелерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Осындай профилактикалық іс-шаралар – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, олардың бойында жауапкершілік, сақтық және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!


