09
қыркүйек
2026
ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ХАНСҰЛТАН!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің оқушысы Хансұлтан Ердос халықаралық аренада ел мерейін үстем етті!
Абу-Даби төрінде өткен AJP Tour халықаралық жарысында І орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады! 

Жас спортшымызды осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл — табандылықтың, тынымсыз еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі.
Жеңістерің көп, алар асуларың биік болсын, Хансұлтан!
Лицейіміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтере бер!


