АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАСЫ- ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мол мұрасын дәріптеуге арналған шағын көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған тақпақтар оқып, ғалымның кітаптары мен еңбектерімен танысты. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, көрмеге қойылған материалдардағы QR-кодтарды сканерлеп, ұлт ұстазының ғылыми және әдеби мұрасы туралы қосымша ақпарат алды.