05
қыркүйек
2026
“ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ТІЛ : МҮМКІНДІК ПЕ, ӘЛДЕ ҚАУІП ПЕ? ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРТАЛАС



Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 10 «Ғ» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Б.Есимбекованың ұйымдастыруымен «ЖИ дәуіріндегі тіл: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Оқушылар топқа бөлініп, әр топ өзіне берілген сұраққа 3 аргумент пен дәлелдер келтірді. Жасанды интеллект адамзат дамуының жаңа кезеңін ашқан құрал екенін, оның бүгінде күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны айтылды. Дегенмен ЖИ ешқашан адам орнын ауыстыра алмайтыны, медиасауаттылық пен киберқауіпсіздіктің басымдығы туралы құнды пікірлер айтылды.