05
қыркүйек
2026
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫСЫ

Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, сынып жетекшілердің өзара іс-қимылын күшейту және білім алушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды нақтылау мақсатында сынып жетекшілер отырысы өткізілді.
Жиынды лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н. Р. Дусметова және А. Т. Асилова жүргізді.
Кездесу барысында жаңа оқу жылындағы тәрбие бағытына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, сынып жетекшілерге нақты міндеттер мен ұсыныстар берілді.
Ата-аналармен тиімді байланыс орнату, алдағы ата-аналар жиналыстарында қаралатын мәселелерді жүйелеу, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ана арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды қатысуын қамтамасыз ету, сабақ уақытындағы тәртіпті сақтау және цифрлық құрылғыларды тиімді пайдалануға қатысты мектептің ішкі талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Білім алушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау, сыртқы келбет мәдениетін қалыптастыру және лицейдің ішкі тәртіп ережелерін орындау бойынша сынып жетекшілердің жұмысы нақтыланды.
Оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және ата-аналармен бірлескен профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері қозғалды.
Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен қолдау ортасын құру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар жаңа оқу жылында қызметін бастаған жас сынып жетекшілеріне тәжірибелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер жас мамандарға сынып жетекшілігін ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізу, оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату, тәрбие жұмысын жоспарлау бағыттарында әдістемелік және практикалық көмек көрсететін болады.



