СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЕГІЗІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЕГІЗІ
05
қыркүйек
2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЕГІЗІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытындағы бұйрықтар мен талаптар таныстырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы педагогтің кәсіби жауапкершілігі, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын орындау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және адал еңбек қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек құқықтық талаптарды орындау ғана емес, адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік құндылықтарын күнделікті қызметте қалыптастыру екенін атап өтілді.
Педагог – оқушыға білім беруші ғана емес, ең алдымен жеке үлгі көрсетуші тұлға. Сондықтан мұғалімнің әрбір шешімі мен әрекеті білім алушының азаматтық ұстанымының қалыптасуына әсер етеді. Адалдықты дәріптеу, әділетті шешім қабылдау, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау – өскелең ұрпаққа берілетін маңызды тәрбиелік үлгі.
Сонымен қатар педагогтерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу, қызметтік мүмкіндіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, сыйлықтар мен заңсыз ұсыныстарға қатысты белгіленген талаптарды сақтау және күмәнді жағдайларда тиісті тәртіппен әрекет ету жөнінде түсіндірме берілді.
Адал қоғам – адал ұрпақтан, ал адал ұрпақ – адал ортадан қалыптасады.
Лицей ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заң талабы ғана емес, мектептің ашық, әділ әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы ортақ міндеті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив