05
қыркүйек
2026
”БІЗ БІРГЕМІЗ : ӨЗАРА ҚОЛДАУ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 7 «З» сынып оқушылармен «Біз біргеміз: өзара қолдау, ынтымақтастық және мотивация» бағдарламасы аясында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – Оқушылар арасында өзара қолдау мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, сыныптың бірлігін және ұйымшылдығын арттыру, бір-біріне құрметпен қарау, тыңдай білу және түсіністік таныту дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, оқу мен сынып өміріне белсенді қатысуға ынталандыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру..
Тренинг барысында педагог-психолог Абенова Ж.А. оқушылармен сәлемдесу жаттығуын ұйымдастырып, қатысушыларды тренингтің мақсатымен таныстырды. Оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуы, ортақ қасиеттерін анықтауы және сыныптағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Біз ұқсаспыз» психологиялық жаттығуы өткізілді.
Педагог-психолог Мошкалова Л.Д. оқушылардың бір-біріне жағымды қолдау көрсетуі мен жылы қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған «Қолдау сөздері» психологиялық жаттығуын өткізді. Сонымен қатар оқушылардың қазіргі эмоционалдық жағдайын анықтау, өз сезімдерін тану және эмоцияларын дұрыс жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында «Эмоционалды термометр» жаттығуы жүргізілді.
Тренингтің келесі кезеңінде оқушылармен әртүрлі жағдаяттарды шешу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ұсынылған жағдаяттарды талқылап, өз пікірлерін білдіріп, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету және мәселені бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастырды.
Соңында сынып оқушыларының бірлігін, өзара сенімін және ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Көпір салу» психологиялық ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, бір-біріне көмектесу, келісімге келу және ортақ мақсатқа бірге жету дағдыларын көрсетті.
Тренинг соңында сынып жетекшісі : Алмабаева Балнур Сагиевна бүгін біз бір-бірімізге жақын болып, қолдау көрсетудің, бір-бірімізді тыңдап, түсінудің қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Бірге болғанда біз күштірек, сенімдірек боламыз және кез келген қиындықты бірге жеңе аламыз .



