5-ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ “ТІЛ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: ТІЛДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ “ТІЛ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: ТІЛДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
05
қыркүйек
2026

5-ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ “ТІЛ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: ТІЛДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл және технология: Тілдің жаңа тынысы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері бірлестіктері бірлесе ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық. Ана тілін құрметтеу – өз халқыңды, оның салт-дәстүрі мен тарихын құрметтеудің негізі. Сонымен қатар өзге тілдерді білу – адамның дүниетанымын кеңейтіп, түрлі мәдениеттерді түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан – жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Еліміздегі түрлі этностардың тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарау – қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың маңызды негіздерінің бірі. Тілдердің өзара сабақтастығы мен мәдениеттердің үндестігі Қазақстан халқының достығы мен ынтымағын нығайта түседі.
«Тіл және технология: Тілдің жаңа тынысы» тақырыбының өзектілігі – қазіргі цифрлық дәуірдегі тілдің жаңа мүмкіндіктерін көрсету. Бүгінде ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, цифрлық платформалар мен заманауи білім беру құралдары тіл үйренуге, тілдік қарым-қатынасты дамытуға және тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Ашылу салтанатында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі тілдерде шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар тілдің қоғамдағы орны, көптілділіктің маңызы және заманауи технологиялардың тіл дамуына ықпалы туралы ой-пікірлер айтылды.
Онкүндік аясында оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға, көптілділікті насихаттауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және түрлі этнос өкілдерінің тілдері мен мәдениеттеріне құрмет қалыптастыруға бағытталған танымдық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Тіл – халықты біріктіретін күш. Тілге құрмет – елге құрмет, тілге жанашырлық – ұлтқа жанашырлық. Қазақстандағы тілдер достық пен өзара түсіністіктің алтын көпіріне айналып, ел бірлігін нығайта берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив