ӨНЕРГЕ ТОЛЫ ЖАРҚЫН КҮН !
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде бүгін оқушылар үшін ерекше көңіл-күй сыйлаған, өнер мен шығармашылыққа толы музыкалық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойындағы талантты анықтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахна мәдениетін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Байқау барысында лагерь тәрбиеленушілері өздерінің сүйікті әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр