«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ» – ҚИЯЛҒА ТОЛЫ ҒАЖАЙЫП САЯХАТ!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде күн тәртібіне сәйкес ерекше форматтағы «Ертегілер әлемі» танымдық-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зал толықтай заманауи кинотеатр үлгісінде безендіріліп, төбе мен қабырғаларда 3D визуалды эффектілер көрсетілді. Балалар өздерін ғажайып әлемнің ішінде жүргендей сезініп, әсерлі көріністердің куәсі болды. Көрсетілім барысында ғарыш әлемі, планеталар мен галактикалар, ғарыш кемелері мен