«ENGLISH PARTY» – ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың тілдік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және мәдени таным көкжиегін кеңейту мақсатында «English Party» танымдық-ойын-сауық кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ағылшын тілінде түрлі амандасу үлгілерін қолданып, өздерін таныстырып, қызықты сұрақ-жауап ойындарына, викториналарға, сөздік қорды дамытуға арналған