«БАЛДӘУРЕН» ЛАГЕРІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ КҮН
02.06.2026 жыл күні Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес бірқатар тәрбиелік, танымдық және сауықтыру бағытындағы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Күн оқушыларды қабылдаудан басталды. Лагерь тәрбиеленушілерін топ жетекшілері жылы қарсы алып, қатысушыларды арнайы тізім бойынша қабылдап, қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Балалар өз топтарына бөлініп, күн тәртібімен таныстырылды. Бұл жұмыстар