ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ПШО тарапынан лицей мұғалімдеріне арналған десант сабақтар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңы құрылды. Лицей педагогтері белсенді қатысып, өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Лицей ұжымы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да кәсіби даму бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ниетті.