ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әр буын оқушыларына арналған мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген жұмыстардың басты мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қауіпсіз өмір салтын насихаттау және тұлғалық дамуына бағыт беру. 1-4 сынып оқушылары үшін «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында «Бірге ойна, ренжітпе!»