ЖАС САРБАЗДАР ДАЯРЛЫҒЫ: ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны ұйымдастырылуда. Жиын аясында білім алушылар әскери дайындықтың бастапқы дағдыларын игеріп, саптық дайындық, қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдерін үйренуде. Бұл іс-шара оқушылардың бойында тәртіп, ұйымшылдық және елге деген сүйіспеншілік сезімін нығайтуға бағытталған. Жас сарбаздарға табыс тілейміз! Әрқашан биік белестерді бағындыра беріңдер.