ЕҢБЕК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – САНАЛЫ АЗАМАТТЫҢ НЕГІЗІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 14.09.2026 жыл күні оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек, жауапкершілік, адалдық және жеке қауіпсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған сынып сағаттары өткізілді. Бүгінгі қоғамда білімді ұрпақ тәрбиелеумен қатар, еңбекті қадірлейтін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, адалдықты өмірлік ұстанымына айналдыратын және жеке қауіпсіздігін сақтай білетін саналы