15
қыркүйек
2026
“ТІЛ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ: АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРТАЛАС



«Тіл және цифрлық әлем: ағылшын тілінің болашағы» тақырыбында пікірталас өтті.
Пікірталас барысында оқушылар ағылшын тілінің қазіргі цифрлық әлемдегі маңызы, технология мен жасанды интеллектінің тіл үйренуге әсері және болашақтағы тілдің рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар өз пікірлерін дәлелдермен жеткізіп, бір-бірінің көзқарастарын тыңдап, қызықты пікір алмасты.
Мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, сыни ойлау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Жетекшісі Оспанова Мөлдір Сайпымәлікқызы
