15
қыркүйек
2026
«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАЙЫҚ!» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Абайлаңыз, балалар!» апталығының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушылары арасында «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол ережелерін сақтаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызын түсіндіру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға 4-сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарында жол белгілерін, жаяу жүргіншілер жолын, бағдаршамның қызметін және жолдағы қауіпсіздік ережелерін көркем бейнелей білді. Әрбір суреттен «Жол ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі» деген маңызды ой көрініс тапты.
Осындай шығармашылық шаралар арқылы оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелерін күнделікті өмірде сақтау дағдылары қалыптасып, жауапкершілік пен ұқыптылық құндылықтарын дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.
ДТІЖО – Н.Р.Дусметова, А.Т.Асилова
4-сынып жетекшілері
Аға тәлімгер – Э.Ж.Султанбаева
Жол ережесін сақтайық, өмірімізді қорғайық!







