17
қыркүйек
2026
“БАҒДАРШАМ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

«Абайлаңыз, балалар!» апталығы аясында лицейімізде Майлыбай И.О. және Турмухамедова Д.Б. ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары арасында «Бағдаршам – біздің досымыз» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйрету, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түсіндіру барысында оқушыларға бағдаршамның үш түсінің мағынасы, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәртібі, жолдан өтер кезде жан-жағына мұқият қарау, көлік қозғалысына назар аудару және жол бойында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар «қызыл – тоқта», «сары – дайындал», «жасыл – жүр» қағидаларын бекітіп, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарын дұрыс ажыратуға дағдыланды.
Мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәні зор. Себебі қауіпсіздік ережесін білу ғана емес, оны күнделікті өмірде саналы түрде қолдану – әр баланың жауапкершілік мәдениетінің негізі. Жол қауіпсіздігіне қатысты қарапайым дағдыларды мектеп жасынан қалыптастыру оқушының өзіне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де құрметпен қарауына ықпал етеді.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңді қорғау!



