15
қыркүйек
2026
«ДОСБОЛLIKE» — ДОСТЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАР ҚАДАМ
Лицейіміздің 7 «Б» сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу, оқушылар арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «ДосболLIKE» шығармашылық тренингі өткізілді.
Тренингтің алғашқы бөлімінде оқушылар өз есімдерін айтып, өздері туралы қызықты фактілерімен бөлісті.
Әр оқушының жұмысы өзінше ерекше болды. Жұмыс соңында барлық шығармашылық жұмыстар біріктіріліп, ортақ «Достық қабырғасы» жасалды.
7 «Б» сынып оқушыларына белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз! 
педагог-психолог Ж.Ә. Төлтай



