“ЖАСӨСПІРІМНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЖАСӨСПІРІМНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ
19
қыркүйек
2026

“ЖАСӨСПІРІМНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде  5 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Маханбетова Ару Қожантайқызы және үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбекқызы, Абенова Жазира Абдимомынқызының ұйымдастыруымен «Жасөспірімнің қарым-қатынасы және эмоциялық қиындықтар» тақырыбында танымдық-психологиялық сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың өз эмоцияларын танып, дұрыс жеткізе білуіне, жағымды қарым-қатынас орнатуына және эмоционалдық қиындықтарды жеңудің тиімді жолдарын түсінуіне ықпал ету.
Сабақ барысында оқушылармен бірнеше қызықты жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды. Алдымен «Танысу» жаттығуы арқылы оқушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды.
Келесі кезеңде «Эмоция карточкалары» әдісі қолданылды. Оқушылар карточкалардағы әртүрлі эмоцияларды анықтап, өздерінің көңіл-күйімен байланыстыра отырып, эмоцияларын сөзбен жеткізуге жаттықты. Бұл жаттығу оқушылардың өз сезімдерін түсінуіне және өзгелердің көңіл-күйін байқауына бағытталды.
Сонымен қатар оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктері, көңіл-күйі және эмоциялық жағдайы туралы ой-пікірлері анықталды.
Сабақ соңында «Алма ағашы» ойыны өткізілді. Оқушылар алма бейнесіндегі қағаздарға өздерінің сабақтан алған әсерлерін, жағымды ойларын немесе өздеріне маңызды болған тұстарды жазып, ағашқа орналастырды. Бұл жаттығу арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерлерін қорытындылап, өз ойларын еркін білдіруіне жағдай жасалды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, жаттығуларға қызығушылықпен қатысты. Қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, эмоцияларын тануға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
Өткізілген сабақ оқушылардың эмоциялық сауаттылығын арттыруға, өз сезімдерін дұрыс түсініп, оны мәдени түрде жеткізуге және сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив