ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
Құрметті ата-аналар, педагогтер және қоғам өкілдері! Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің Қамқоршылық кеңесінің құрамына кандидаттарды қабылдау бойынша конкурс жарияланады! Қамқоршылық кеңес – білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, лицейдің дамуына, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды қоғамдық орган. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттар қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08–20.08.2026 ж.