2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘНХ: МҰҒАЛІМ БІЛУІ ТИІС НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘНХ: МҰҒАЛІМ БІЛУІ ТИІС НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР
26
тамыз
2026

2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘНХ: МҰҒАЛІМ БІЛУІ ТИІС НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ұжыммен биылғы жаңа оқу жылында білім беру үдерісінде бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылды. Әдістемелік нұсқау хаттағы негізгі өзгерістер бағалау жүйесінен бастап, жасанды интеллектіні қолдану, пәндерді оқыту мазмұны мен инклюзивті білім беруге дейінгі бағыттарды қамтыды.Түсіндіру жұмысын лицейдің әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.И.Сеитова жүргізді.
🔹 Бастауыш сыныптардағы бағалау
2–4 сыныптарда оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Формативті бағалау 1–10 балл аралығында жүргізіліп, әр оқушы тоқсан ішіндегі сабақтардың кемінде 30%-ында бағалануы тиіс. Формативті бағалаудың мақсаты – тек баға қою емес, оқушының қиындықтарын анықтап, оқытуды түзету.
🔹 Тоқсандық және жылдық баға
2–4 сыныптарда бұрынғы форматтағы жеке ТЖБ өткізілмейді. Тоқсандық баға формативті және аралық бағалау нәтижелері негізінде, ал жылдық баға тоқсандық бағалардың арифметикалық орта мәні бойынша қойылады.
🤖 Жасанды интеллект білім беру үдерісіне енеді
1–4 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәні қарастырылады. Оқушылар ЖИ ұсынған ақпаратты тексеруді, жеке және құпия деректерді қорғауды және дұрыс prompt құрастыруды үйренеді. Ең бастысы – ЖИ оқушының орнына тапсырма орындаушы емес, көмекші құрал ретінде қолданылуы керек.
🔹 Пәндерді оқытудағы басымдықтар
Тілдік пәндерде цифрлық технологиялар мен ЖИ қолдануға, математикада функционалдық және математикалық сауаттылыққа, жаратылыстану бағытында зерттеу, эксперимент, STEM және практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды.
🇰🇿 Сонымен қатар тарих, құқық негіздері және бастапқы әскери даярлық мазмұнында өзгерістер бар. «Адал азамат» бағыты аясында азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен «Заң мен тәртіп» қағидаты білім мен тәрбие мазмұнына кіріктіріледі. Инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің бірыңғай алгоритмі қарастырылды.
📌 Жаңа оқу жылы – жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі.
Әр педагог үшін өзгерістерді алдын ала зерделеп, оқу үдерісін соған сәйкес жоспарлау маңызды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив