«СЕНІМДІ ДОС» — БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЛІК » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «СЕНІМДІ ДОС» — БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЛІК
26
тамыз
2026

«СЕНІМДІ ДОС» — БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЛІК

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтермен балалар арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы — «Сенімді дос»: балалардың эмоционалдық жағдайын дер кезінде байқап, қиын сәтте қолдау көрсету және қауіптің алдын алу.
Кездесу барысында педагогтерге суицидалды мінез-құлықтың алдын алу тек психологтың немесе әлеуметтік педагогтің міндеті емес екені ерекше түсіндірілді. Бұл — мектептің әр қызметкерінің ортақ жауапкершілігі.
Себебі, мұғалімдер: 
🔹 балалармен күнделікті қарым-қатынаста болады;
🔹 олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқай алады;
🔹 оқушының көңіл күйіндегі дабыл белгілерін дер кезінде аңғара алады;
🔹 балаға қолдау көрсетіп, қажетті маманға уақытылы бағыттай алады.
Іс-шара барысында педагогтерге тақырып бойынша толық ақпарат беріліп, нақты жағдайларға негізделген ситуациялық кейстер талқыланды. Қатысушылар әртүрлі жағдайларда педагогтің қалай әрекет етуі керектігін, баламен сөйлесуде қандай сөздерді қолдану маңызды екенін және қандай әрекеттерден аулақ болу қажеттігін саралады.
Кездесудің басты құндылығы — «баланы өзгерту емес, баланы түсіну», оның жанындағы ересектің қауіпсіз әрі сенімді қолдау ортасын қалыптастыру.
Бала кейде «маған бәрібір» деген сөзбен өзінің ішкі жанайқайын жасыруы мүмкін. Ал оны байқап, тыңдап, кінәламай қабылдай алған бір ғана ересек адамның қолдауы баланың өміріндегі маңызды қорғаныс факторына айналуы ықтимал.
Сондықтан сенімді мектеп — тек қауіпсіз ғимарат емес. Сенімді мектеп — әр баланың өзін тыңдайтын, түсінетін және қажет кезде қолдайтын ересегі бар орта.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р.Дусметова және А. Т. Асилова, сондай-ақ АҚО медиаторлары Л. Мошкалова және Ж.Абенова қатысты.
Бүгінгі кездесудің негізгі ойы біреу:
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив