26
тамыз
2026
“ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТЫГЕЗ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС” ТАҚЫРЫБЫНДА ЛИЦЕЙ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ИНТЕНСИВ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған «Зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас» тақырыбында интенсив өтті.
Интенсив барысында балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтау және педагогтердің мұндай жағдайларда әрекет ету алгоритмі кеңінен талқыланды.Интенсивті өткізген бастауыш сынып мұғалімдері Н.Б.Иргашеваға және А.А.Сарсеноваға алғыс білдіреміз
Сонымен қатар, педагогтердің алғашқы қорғау шаралары, өз құзыреті шегіндегі әрекеттері, ақпаратты тіркеу және тиісті мамандар мен органдарға хабарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның басты қағидасы – баланың қауіпсіздігі барлық мән-жайды анықтаудан маңызды. Әрбір педагог баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Аталған интенсив педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, балаларға қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды



