“СЕНІМДІ ДОС”, “БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “СЕНІМДІ ДОС”, “БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
26
тамыз
2026

“СЕНІМДІ ДОС”, “БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Ағымдағы 20 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде кіші қызметкерлерге «Сенімді дос» және «Балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кіші қызметкерлердің де жауапкершілігі жоғары екендігі атап өтілді. Лицейдің барлық аумағында балалардың мінез-құлқына, көңіл-күйіне және қарым-қатынасына назар аударып, күмәнді немесе алаңдататын жағдайлар байқалған кезде оны елеусіз қалдырмай, дер кезінде педагог-психологқа, сынып жетекшісіне немесе лицей әкімшілігіне хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, балалармен қарым-қатынас кезінде дөрекі сөйлеуге, қорқытуға, кемсітуге, мазақ етуге, ұрысуға және баланың жеке мәселесін көпшілік алдында талқылауға болмайтыны айтылды. Баланың өтінішіне немесе эмоционалдық жағдайына немқұрайлы қарамай, оны тыңдап, қолдау көрсету маңызды екендігі түсіндірілді.
Кіші қызметкерлерге лицейдегі әрбір баланың қауіпсіздігіне барша қызметкер ортақ жауапты екендігі және олардың күнделікті бақылауы мен көмегі балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуда үлкен рөл атқаратыны атап көрсетілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив