«СЕНІМДІ ДОС», «БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «СЕНІМДІ ДОС», «БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
26
тамыз
2026

«СЕНІМДІ ДОС», «БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

2026 жылғы 20 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы лицейде педагогтармен «Сенімді дос»   «Балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтардың балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологиялық сауаттылығын арттыру, қауіп факторларын дер кезінде анықтау, оқушының эмоционалдық жағдайына назар аудару және қиын жағдайдағы балаға дұрыс қолдау көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында педагогтарға суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың маңыздылығы түсіндіріліп, балалардың психологиялық жағдайындағы өзгерістерге дер кезінде көңіл бөлудің қажеттілігі айтылды. Педагогтарға оқушының мінез-құлқындағы, көңіл күйіндегі және қарым-қатынасындағы өзгерістерді байқау, баламен сенімді қарым-қатынас орнату және оны тыңдай білу жолдары таныстырылды.
Педагогтарға  арналған әрекет ету алгоритмі:
-оқушының мінез-құлқындағы, көңіл күйіндегі және қарым-қатынасындағы өзгерістерді БАЙҚАУ.
-баламен дер кезінде  сенімді қарым-қатынас  БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТЫНДАЙ БІЛУ. 
-балаға қауіпсіз орта құру және ҚОЛДАУ  ЖАСАУ.
~ болған мән жайды педагог- психологқа және әкімшілікке дереу хабарлап  БАҒЫТТАУ.
- Психолог болмаған жағдайда , бұл туралы кезекші әкімшіге, директордың орынбасарына немесе директорға дереу хабарлаңыз.
Тренинг барысында педагогтардың белсенді қатысуымен психологиялық жаттығулар, пікір алмасу және жағдаяттық тапсырмалар талқыланды. Қатысушыларға әртүрлі өмірлік жағдайлар ұсынылып, педагог ретінде оқушымен қалай сөйлесу керектігі, қандай сөздер қолдау көрсете алатыны туралы педагог- психолог мамандары Л.Мошкалова ,Ж.Абенова практикалық жұмыс арқылы көрсетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив